Облыстық тері-венерологиялық диспансер

Қазақстан, Шымкент, Жібек Жолы к-сі, 15, Балдырған аялдамасы
+7 (7252) 48 92 14
+7 (7252) 39 27 74

ҚҰРЫЛЫМЫ

Амбулаториялық көмек

Емхана бөлімі


Алтаева Гаухар Есетовна

Емханалық бөлімшенің негізгі міндеттері:

 - Түркістан облысы және Шымкент қаласының тұрғындарына амбулаториялық жағдайда тиімді медициналық технологияларды қолданып, жұқпалы және жұқпалы емес тері аурулары науқастарымен диспансерлік дағдыларды сақтай отырып, жоғары білікті мамандандырылған консультациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық  дерматологиялық көмек көрсету ;

- дерматологиялық науқастарға жүргізіліп жатқан ем тиімсіз болған жағдайда, науқастарды жоспарлы түрде емдеуге жолдама беру;

- науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

- санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесіп жұқпалы тері ауруларының ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

-жұқпалы тері аурулары ошағында эпидемияға қарсы іс-шараларды санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесіп жүргізу;

- мектеп оқушыларын, мектепке дейінгі және т.б. мекемелерге профилактикалық тексерулер жүргізу ;

- салауатты өмір салтын насихаттау.

Алғашқы қабылдау кабинетінен басқа, емхана құрамында балаларға диспансерлік бақылау жүргізу кабинеті бар. Әскерге шақырушылармен үлкендерге тері жұқпалы науқастарын бөлек қабылдау кабинеті ұйымдастырылған.

Псориаз, витилиго, атопиялық дерматит науқастарына емдеу-профилактикалық көмектің сапасын және нәтижелігін жоғарылату мақсатында, емханада витилиго мектебі (2005 жылдан бастап), псориаз мектебі (2006 жылдан бастап), атопиялық дерматит мектебі (2009 жылдан бастап) жұмыс істейді. 



Диспансерлік бөлім


Земцов Евгений Егорович  – диспансер бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер дерматовенеролог, бірінші санатты денсаулық сақтау ұйымдастырушысы.

Диспансерлік бөлімшенің негізгі міндеті – науқастардың жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларға уақтылы және сапалы зерттелуі, қолданыстағы заңнаманың талаптарына және дерматовенерологиялық заманауи тәжірибелік жетістіктеріне сәйкес оларды емдеу және диспансерлеу.

Бөлімшеде әртүрлі жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (мерез, соз, хламидиоз, уреаплазмоз және микоплазмоз инфекциялары, урогениталды трихомониаз, урогениталды кандидоз, аногениталды сүйелдер, генитальды ұшық және т.б.) зардап шегетін облыс және қала тұрғындары көмек алады, сондай-ақ, ЖЖБИ жүкті әйелдер, донорлар, әскерге шақырылушылар, КТУОБОО дан жеткізілетін тұлғалар және т.б. міндетті түрде тексеруден өтеді. Емделушілерге қазіргі заманауи бактериоскопия, бактериологиялық себу, ИФА, РИФ, ПТР және т.б. зерттеу спектрін ұсынады. Емдеу-диагностикалық тактикасын әзірлеудің алқалы түрде жүргізілуі, науқастарға емдеудің заманауи стандарттары мен хаттамаларына және емдеудің барлық компененттерінің қағидаларына сәйкес емдеудің жоғары кәсіби деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді.



Ақылы амбулаторлы бөлімі


Алиева Юлдузой Уткировна -

ақылы медициналық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі,

бірінші санатты дәрігер дерматовенеролог.

ОТВД Ақылы амбулаторлы бөлімі – бұл диспансердің көпсалалы бөлімі, өзінің арсеналында дерматологиялық, дерматокосметологиялық, андрологиялық қабылдауы, құпия тексерілу және емделу кабинеті, декреттелген топтардың медициналық тексеруден өту кабинеті,УДЗ диагностикасы және т.б. Барлық кабинеттер заманауи жабдықтармен жабдықталған, дәрігерлердің жұмыс орындары компьютерленген, манипуляция жасауға тек қана бір реттік медициналық құралдар қолданылады.

Бөлімде жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар, елеулі еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі бар дәрігерлер жұмыс атқарады.Бөлім жұмысының негізгі бағыттары-медициналық қызмет көрсету сапасын және деңгейін арттыру,әр бір науқасқа жеке көзқарас,әрдайым жаңа технологияларды енгізу және іздену, заманауи дерматовенерологияны әзірлеу. 

Диспансердің косметологтары терінің косметикалық жетіспеушіліктерін мезотерапиялық әдіспен плазмолифтинг, редермализация, химиялық пилингтер, биоревитализация коррекциясын ойдағыдай жүргізеді. Тері мәселерін, соның ішінде безеу ауруы, розацеа және басқа да аурулар кезіндегі оңалту кешенді бағдарламасын дайындаған. 




Ауруханалық көмек

Дерматология №1 бөлімі

Ташбаева Гульнара Ахмедовна -

дерматология №1 бөлімінің меңгерушісі, жоғары  санатты дәрігер дерматовенеролог.


Бөлімше тәулік бойғы 70 төсек орынға, 30 төсек орындық күндізгі ауруханаға есептелген. Дерматология №1 бөлімшесі түрлі дерматоздар: псориаз, қызғылт теміреткі, себорея дерматиті, почесуха Бенье, пузырные дерматоздар және т.б. науқастарды ауруханаға жатқызуға арналған. Бөлім базасында отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялардың түрлі құрамындағы жаңа дәрі-дәрмектерге апробациялау (қолдау) жүргізеді. Бөлімде физиотерапиялық процедуралардың толық спектрін (УФО, УВЧ, Дарсонваль, электрофорез) сәтті қолданады, соңғы жылдары осы топтың науқастарына  емдік ванналар, магниотерапия, таржолақты сәулемен емдеу емдік шараларын қолдануда.2006 жылдан бастап бөлім базасында тұрақты негізде «Псориаз мектебі» жұмыс істейді, 2009 жылдан бастап «Атопиялық дерматит» мектебі жұмыс жасауда, бұл жерде дәрігерлер оқыту семинарларын, психологиялық тренингтер жүргізіп, ата-аналарды, жақын ортасын ақпараттандырып, ары қарай науқастардың өздеріне аурудың даму себебтері туралы, аурудың асқынуының алдын-алу және емдеу әдістері туралы;науқастарды және олардың ата-аналарына теріні ылғалдандыру және теріге күтім жасауды үйретеді.

Жинақталған тәжірибе мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу арқасында дерматология №1 бөлімінің жұмысы бүгінгі таңда түрлі дерматоздардың емдеуінің және диагностикалауының маңызды дамуына жетті.Соңғы жылдары тәжірибеге Қазақстан, Ресей, Израил, Франция елдерінің жетекші дерматологтары ұсынған жаңа емдеуі енгізілді және енгізілуді жалғастыруда. 


Дерматология №2 бөлімі


Шаймерденов Ержан Раматуллаевич -

дерматология №2 бөлімінің меңгерушісі, жоғары  санатты дәрігер дерматовенеролог.

Бөлімше тәулік бойғы 50 төсек орынға, 10 төсек орындық күндізгі ауруханаға есептелген. Дерматология №2 бөліміне жұқпалы тері ауруларымен және сондай ақ, кейбір дерматологиялық патологиясымен (инфекциялық дерматит, құрсау теміреткі және т.б.) науқастарды жатқызады. Бөлім дәрігерлері емдеу терапиясын медицина ғылымдарының заманауи жетістіктеріне сәйкес жүргізеді.


Венерология бөлімі


Нишанбаев Бахытжан Раманович -

венерология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер дерматовенеролог.

Бөлімше тәулік бойғы 20 төсек орынға, 10 төсек орындық күндізгі ауруханаға есептелген, ЖЖЖИ (мерез, хламидиоз, соз, трихомониаз) науқастары жатқызылады. 

Бөлім базасында жоғары білікті, тәжірибеге бай, өз тәжірибесінде заманауи емдеу-диагностикалық әдістің толық кешенін қолданатын мамандар жұмыс атқарады. Бөлімде ЖЖЖИ емдеуге заманауи және қауіпсіз дәрі-дәрмектерді жалпы және жергілікті терапияға арналған жаңа әзірлемелерді қолданады. Барлық процесс стандартталған және науқастарға жүргізетін бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

Соңғы жылдары бөлім мамандары аурумен кешенді жұмыс атқаруда, жергілікті терапия спектрі кеңейіп, физиотерапиялық емдеу әдістері белсенді енгізілуде. Әйелдерге, әсіресе жүкті әйелдерге медициналық көмек ОТВД акушер-гинекологымен бірлесе отырып көрсетіледі. 



Физиотерапия


 Керимшеева Гульдана Кулмановна -

физиотерапиялық бөлім меңгерушісі, дәрігер физиотерапевт, дерматовенеролог, жоғары санатты.

Физиотерапиялық бөлім – ОТВД құрылымдық бөлімі, физиотерапиялық ем-шара жүргізуге және қалпына келтіру емін жүргізумен айналысатын бөлім. Витилиго науқастарына жоғары тиімді емді, профилактикалық және оңалту көмектерін көрсету үшін, білім беру және емдеудің халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін инновациялық әдістерін тәжірибеге енгізу үшін, 2017 жылдан бастап «Витилиго» орталығы құрылған.



Зертханалар


Антоненко Оксана Викторовна – серологиялық  зертхана меңгерушісі.

Зертхана мерезбен ауыратын немесе сифилиттік инфекцияға күдігі бар болуы мүмкін науқастарды анықтауға,науқастарды емдеу және диспансерлеуге, емнің сапасын бақылауды диагностикалау мақсатында жүргізіледі. 

Зертхана жаңа заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл жерде мерездің түрлі нысандарын диагностикалауға серологиялық реакцияның барлық кешені жүргізілген:

-РВ сапалық әдісі,

- РВ сандық әдісі, микрореакция белсенділігі жойылған сарысуымен,

- микрореакция  қан сарысуымен,

- сандық әдіс микрореакциясы

- РИФ abs,

- РИФ 200,

- РИФ алынған (шығарылады),

- КБР суықта,

- РПГА.



Клиникалық диагностикалық, бактериологиялық зертхана


Комарова Екатерина Юрьевна - клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі.

Зертханалық диагоностика жүргізбестен,тек қана аурудың белгілері негізінде ауруға диагноз қою мүмкін емес.ЖЖЖИ кезінде емді дұрыс және уақытылы тағайындау үшін, клиникалық көріністерін шақырған микроорганизмді анықтау өте маңызды. Әр түрлі тері ақаулары олардың даму себептерін анықтау үшін түрлі талдау тапсыруды талап етеді .

Зертхананың дерматовенерологиялық көмек көрсету стандартына сәйкес қажетті көлемде диагностикалық зерттеулер жүргізуге санитарлық-эпидемиологиялық рұқсаты және лицензиясы бар. 

Диспансердің емханалық және ауруханалық бөлімдерінде науқастар үшін зерттеудің келесі түрлері жүргізіледі:

- қанның жалпы талдауы;

- жалпы несеп талдауы;

- ішек құрты жұмыртқаларына және лямблияға зерттеу

- қанның биохимиялық талдауы; 

- ЖЖЖИ-ға, В және С гепатиттеріне ИФТ; 

- акантолиз жасушалары және эозинофил жағындылар іздері;

-  Боровской түйіршіктер сүртіндісі;

- бозғылт  трепанеманы қараңғы өріс микроскопияда табу;

-ЖЖЖИ  несеп-жыныс мүшелерінен бөлінген сұйықтықты бактериоскопиялық зерттеу; 

- саңырауқұлақтар, демодекс, қотыр кенесіне бактериоскопиялық зерттеу; 

-саңырауқұлақтарға бактериологиялық зерттеу;

-Нейсер гонококкына бактериологиялық зерттеу; 

-ЖЖЖИ  ПЦР зерттеуі; 

- спермограмма.

Барлық зерттеулер заманауи жоғары сезімталды жабдықта жоғары білікті, қажетті мамандандырудан өткен қызметкермен жүргізіледі. Барлық тізбеде көрсетілген диагностикалық зерттеулер ақылы негізде жүзеге асырылуы мүмкін.


Дәрігердің қабылдауына жазылу Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу